Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 "Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 50/323 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 6312 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 шешіміне (2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің (әрі қарай -Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Б.Койшибаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады