Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/8 "Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3224 тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылы 15 мамырда "Сельская новь" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Р. Садыков |
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы |
Б. Мұсабаев |