Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде N 3224 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 23.11.2018 № 27/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір мың теңге сомасында жылына бір рет әлеуметтік көмек ұсынылсын.

      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен осы мақсаттарға қаржылық жылында қарастырылған 451.004.000 функционалдық сыныптама тобы бойынша өндірілсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының
кезекті ХХХVІ сессиясының
төрағасы
Б.Мұсабаев
      Жамбыл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады