Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыпта "бостандығын" сөзі "бостандығынан" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 28.06.2019 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде 2016 жылғы 8 шілдеде тіркелген №13898) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, Қызылжар ауданының ұйымдарындағы қызметшілердің тізімдік санынан 1-қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, Қызылжар ауданының ұйымдарындағы қызметшілердің тізімдік санынан 2-қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар ауданының | |
әкімі | Ж. Сәдуақасов |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 қаулысына 1-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 28.06.2019 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы əкімдігінің 30.01.2020 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам) |
"Петерфельд Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 45 | 2,2 % | 1 |
"Якорь құс фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 103 | 0,9 % | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 қаулысына 2-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 28.06.2019 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы əкімдігінің 30.01.2020 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам) |
"Крахмал -Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 22 | 4,5 % | 1 |
"Якорь құс фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 103 | 0,9 % | 1 |
"Жанмырза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 31 | 6,4 % | 2 |