Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 15 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 5987 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 (2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4727 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Ж. Садвокасов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 15 қаулысына 1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 қаулысына 1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам)

"Петерфельд Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

45

2,2 %

1

"Якорь құс фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

103

0,9 %

1

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 15 қаулысына 2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 қаулысына 2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам)

"Крахмал -Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

22

4,5 %

1

"Якорь құс фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

103

0,9 %

1

"Жанмырза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

31

6,4 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады