Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5024 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506- баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше:

      1) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

      2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 11/5 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А. Шушамоин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

О повышении ставок земельного налога по Кызылжарскому району

Решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2018 года № 35/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 30 ноября 2018 года № 5024.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Кодекс), статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кызылжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. На основании проектов (схем) зонирования земель, проводимого в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан повысить ставки земельного налога на 50 процентов от базовых ставок земельного налога по Кызылжарскому району, установленные статьями, 505, 506 Кодекса, за исключением земельных участков, выделенные под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции, занятые под казино, а также не используемые в соответствующих целях или используемые с нарушением законодательства Республики Казахстан, соответственно:

      1) базовые налоговые ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых земельных участков);

      2) базовые налоговые ставки на земли промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения, расположенные вне населенных пунктов.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 24.12.2021 № 11/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Председатель сессии
Кызылжарского районного
маслихата
Северо-Казахстанской области
А. Шушамоин
      Секретарь Кызылжарского
районного маслихата
Северо-Казахстанской области
А. Молдахметова