Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 11/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26057 болып тіркелді

      Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5024 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше:

      1) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

      2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар
аудандық мәслихатының хатшысы
Ж. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады