Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506- баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше:
1) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;
2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 11/5 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Шушамоин |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Молдахметова |