Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 28.01.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасынның 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 12-11/189 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ж. Канышев |