Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5212 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 05 қарашадағы № 13-11/218 ұсынысы негізінде Конюхов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара мал бруцеллезіне іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Конюхов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қантардағы № 02 "Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4559 болып тіркелген, 2018 жылғы 02 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Конюхов ауылдық округінің
әкімі
Ж. Канышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады