"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мамлют ауданы Пригород селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-124 болып тіркелді, 2011 жылғы 14 қаңтардағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні,сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Бәкеев |