Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 14.07.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жай ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дудов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Тайынша аудандық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | С. Жәкенова |
2018 жылғы 15 наурыз |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысына 1- қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1. | Тайынша қаласы |
1) "Достық" орталық алаңдағы ақпараттық стенд; |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай |
1. | Тайынша қаласы | "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |