Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 75 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 4607 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 14.07.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дудов
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысының
      Тайынша аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы С. Жәкенова
      2018 жылғы 15 наурыз

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысына 1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Тайынша қаласы

1) "Достық" орталық алаңдағы ақпараттық стенд;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағының ауылдық округтері мен Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай

1.

Тайынша қаласы

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады