"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тайынша ауданы Яснополян селолық округі Дашка-Николаевка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-182 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдеде "ТайыншаТаңы" газетінде және 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
В. Галицкий |