"Тайынша ауданы Яснополян селолық округі Дашка-Николаевка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4818 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тайынша ауданы Яснополян селолық округі Дашка-Николаевка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-182 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдеде "ТайыншаТаңы" газетінде және 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      В. Галицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады