"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округі Тимирязев селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-106 болып тіркелді, аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2010 жылғы 8 мамырда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
мәтінде және тақырыбында "селосы" деген сөз тиісінше "ауылы" деген сөзге ауыстырылсын; "селолық" деген сөз тиісінше "ауылдық" деген сөзге ауыстырылсын.
Орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
Орыс тіліндегі тақырыбынан "наименований" деген сөзі алып тасталсын, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Байгужин |