Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі Тимирязев ауылы көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округі әкімінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 13-12-106 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің 02.07.2018 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың өтінішін ескере отырып, Тимирязев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тимирязев ауылдық округінің көшелері:

      Лихачев көшесі Жеңіс көшесіне;

      Чапаев көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      25 лет Целины көшесі Первоцелинников көшесіне өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

      3. Осы шешім ресми хабарланған күннен бастап күшіне енеді

      Тимирязев ауылдық
      округінің әкімі С. Байдалина
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан
      облысы Тимирязев
      ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Андрей Андреевич Меркель
      "Солтүстік Қазақстан
      облысы Тимирязев
      ауданының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Сайлаубай Әшімұлы Күшбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады