"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі тұжырымы негізінде және халық пікірін ескере отырып, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылының келесі көше атаулары өзгертілсін:
1) Ленин көшесі – Абай көшесіне;
2) 60 лет Октября көшесі – Астана көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | Т. Байдалин |