Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 маусымда № 4761 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі тұжырымы негізінде және халық пікірін ескере отырып, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылының келесі көше атаулары өзгертілсін:

      1) Ленин көшесі – Абай көшесіне;

      2) 60 лет Октября көшесі – Астана көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Т. Байдалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады