"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласында 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Шапкенов |
Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы "28" наурыздағы № 440 қаулысына қосымша Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы "28" наурыздағы № 440 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Елді мекен атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, (адам) | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының бір айдағы мөлшері, (теңге) | |
3 жасқа дейін | 3-тен 7 жасқа дейін | |||
1 | Атырау қаласы | 10000 | 7648 | 10154 |