2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысының Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 440 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 4121 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласында 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П. Хасановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Шапкенов

  Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы "28" наурыздағы № 440 қаулысына қосымша Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы "28" наурыздағы № 440 қаулысымен бекітілген

2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекен атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, (адам)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының бір айдағы мөлшері, (теңге)

3 жасқа дейін

3-тен 7 жасқа дейін

1

Атырау қаласы

10000

7648

10154


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады