"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Мақат аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 107-ІV "Мақат ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-96 болып тіркелген, аудандық 2009 жылғы 26 наурызда аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Мақат аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 304-ІV "Автотұрақ үшін бөлінген жер учаскелеріне жер салық ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қыркүйекте аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (А. Әміров).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясының төрағасы |
А. Қабдолов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Исмагулов |