Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 154-VI шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІЗ:
1. Аудан кенттері бойынша автотұрақ үшін бөлінген жер учаскелері үшін жер салығының ставкалары Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабында көрсетілген бойынша 10 (он) есе көбейтіліп бекітілсін.
2. Осы шешімді орындау Мақат ауданы бойынша Салық басқармасына (А. М. Ғалимовке) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХV сессиясының төрағасы: |
А. Ищанов |
Аудандық Мәслихат хатшысы: | Т. Жолмағамбетов |