Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 154-VI шешімімен.
Мақат ауданы бойынша Салық басқармасының 2009 жылғы 11 ақпандағы N 06-02-7-8/345 ұсыныс хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары – 50 пайызға жоғарлатылсын.
2. Елді мекендердің (үй іргенсіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарлатылсын.
3. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарлатылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Алтаева) жүктелсін.
5. Осы шешім ресми жарияланған бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық Мәслихаттың кезекті ХІV сессиясының төрағасы: |
Г. Медыева |
Аудандық Мәслихат хатшысы: | Т. Жолмағамбетов |