Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 43 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының және 37 бабының 8 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 12-11/104 ұсынысы негізінде Құрманғазы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, "Жумабек" шаруа қожалығының орналасқан аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Құрманғазы ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 140 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4207 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.