Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 140 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 шілдеде № 4207 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 25.09.2018 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 12-11/104 ұсынысы негізінде Құрманғазы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауылының аумағында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушысы Э. Азатов
      КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Құрманғазы аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры
"5" шілде 2018 жыл
Г. Мутиева
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Құрманғазы аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
"5" шілде 2018 жыл
К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады