"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Сәрсембаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
К.Т.Нукенов | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
Т.Қ.Сәрсембаев | |
Е.Қ.Тасжүреков | |
А.С.Сәбитов | |
А.Б.Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "26" қазандағы № 298 қаулысына қосымша |
Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі
1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін- таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
1.1. "Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Оңтүстік жолдары" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны үшін 2019-2021 жылдарға - таза кірістің 10 пайызы мөлшерінде.
Ескерту. Қосымша 1.1 - тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 05.03.2020 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін - таза кірістің 5 пайызы мөлшерінде.
3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.