Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 5 наурыздағы № 53 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 6 наурызда № 5471 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынандай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі" деген қосымшасы мынадай мазмұндағы 1.1 тармақпен толықтырылсын:

      "1.1. "Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Оңтүстік жолдары" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны үшін 2019-2021 жылдарға - таза кірістің 10 пайызы мөлшерінде.".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Е.Аманбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" _________ № ______ "Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады