"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағына және Отырар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 134 ұсынысы негізінде, Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиебөрі құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Отырар ауданы Отырар ауыл округіне қарасты Арыс елді мекені Т.Танкеев көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 25 "Отырар ауылдық округіне қарасты Арыс елді мекені Т.Танкеев көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымдағы "Отырар алқабы" қоғамдық-саяси газетінің № 23 жарияланған және 2018 жылы 29 мамыр Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | Д.Үсетов |