Отырар ауылдық округіне қарасты Арыс елді мекені Т.Танкеев көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 сәуірде № 4562 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округі әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 65 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округi әкiмiнiң 10.07.2018 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 50 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Отырар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауылдық округі Арыс елді мекеніндегі Т.Танкеев көшесінен табылған шиебөрі өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Арыс елді мекені Т.Танкеев көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Отырар ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Тінейбайға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Д.Үсетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады