"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Апсиқов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Садықов |
Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 22-242-VI шешіміне қосымша |
Сарыағаш аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42-376-V "Сарыағаш ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3311 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Сарыағаш" газетінде жарияланған);
2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 12-143-VI "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде "Сарыағаш" газетінде және 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).