Сарыағаш ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42-376-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 тамызда № 3311 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 22-242-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 08.06.2018 № 22-242-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 379, 381, 383 баптарымен белгіленген автотұрақтарға (паркингтерге) және автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Сарыағаш ауданы бойынша 1, 2, 3 және 4 аймақтардағы жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Мамбетов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Б.Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады