"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 312 "Созақ ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 30 қарашада № 4288 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 желтоқсандағы "Созақ үні" газетінде және 2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулының Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Сатыбалдыға жүктелсін.
Аудан әкімі | С.Полатов |