Созақ ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 27 қарашадағы № 312 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қарашада № 4288 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 16 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 16.03.2018 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 406-бабының 6 тармағының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 тіркелген) Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Созақ ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Созақ ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Сатыбалдыға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы Б.Т. Әлмағанбет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Созақ ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ А.Е. Табылдиев

      "27" қараша 2017 жыл

  Созақ ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 312 қаулысына қосымша

Созақ ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті

Кент, ауылдық округінің аталуы

Елді мекеннің аталуы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Шолаққорған

Шолаққорған

1,65

2

Теріскей

1,65

3

Балдысу

0,90

4

Қарабұлақ

0,90

5

Абай

1,10

6

Жеткеншек

1,30

7

Созақ

Созақ

1,25

8

Шақырық

1,35

9

Көктөбе

1,20

10

Ы.Жаукебаев

1,25

11

Қақпансор

0,75

12

Жартытөбе

Жартытөбе

1,35

13

Аққолтық

1,25

14

Бабаата

1,25

15

Құмкент

Құмкент

1,35

16

Қызылқанат

1,10

17

Қызылкөл

1,25

18

Сызған

Қозмолдақ

1,35

19

Қайнар

1,20

20

Сызған

1,15

21

Басбұлақ

1,00

22

Қаратау

Бақырлы

1,35

23

Саржаз

1,20

24

Ақсүмбе

1,10

25

Қарақұр

Қарақұр

1,35

26

Шаға

1,20

27

Қызылбайрақ

1,30

28

Жуантөбе

Жуантөбе

1,35

29

Қоңыратарық

0,75

30

Тасты

Тасты

1,35

31

Қылты

0,90

32

Шу

Шу

1,35

33

Таукент

Таукент

1,45

34

Қыземшек

Қыземшек

1,45

35

Тайқоңыр

1,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады