Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.05.2019 № 2270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Кудияровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкіміні | |
міндетін атқарушы | О. Булавкина |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "15" тамыз № 3449 қаулысымен бекітілген |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Өскемен қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) қалалық рельсті көлік (трамвай) – қала шекарасында бөлінген жеке жолдармен жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық көлік түрі;
2) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Өскемен қаласының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
3) жергілікті атқарушы орган – Өскемен қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) тасымалдаушы – меншік құқығында көлік құралы бар немесе басқа заңды негіздерде жолаушыларды, багажды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
3. Субсидиялауға әлеуметтік маңызы бар рельсті көлік бойынша қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстары жатады.
4. Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
Субсидиялау мөлшері қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) тұрақты маршруттарда жолаушылар тасымалдаудан алынған нақты шығыстар мен кірістер арасындағы айырмашылық ретінде тасымалдаушымен белгіленеді.
2. Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібі
5. Қалалық рельсті көліктің (трамвай) маршруттары бойынша орындалған тасымалдаулар үшін кірістер тасымалданған жолаушылар санына көбейтілген, жолаушының бір рет жол жүруі құны ретінде есептеледі.
Бұл ретте алдағы кезеңге тасымалданатын жолаушылар көлемі өткен кезеңнің деректері есепке алына отырып, болжамдық деректер бойынша анықталады, кейіннен нақты деректер немесе тексеру жүргізу жолдары бойынша жасалған есепті ұсынады.
6. Жолаушыларды тасымалдау шығындарына:
1) Салықтарды қоса алғандағы жұмысшылардың еңбекақы төлем қоры (жұмысшылардың міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруына аударымдармен және әлеуметтік аударымдармен қоса);
2) электр энергиясына немесе шығыстарды есепке ала отырып, нормативтікке шығындар;
3) жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары, материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, техникалық қарау жүргізуге, техникалық қызмет көрсетуге және қосалқы автотракторлық техникаларға шығындар;
4) контактілі және кабель желілерін, тартылым қосалқы станцияларды, қалалық рельсті жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары;
5) өткен кезеңдерден тозымпұлдық есептеулер есеп айырысу шотында жиналатын резервті қалдық шоттарында болған жағдайда немесе жаңартуға шығыстардың есепттік құжаттары болған жағдайда негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары;
6) коммуналдық қызметтер төлеміне шығындар кіретін, өндірістік ғимараттар мен имараттарды күтіп ұстауға шығындар, өндірістік персонал үшін арнайы киімдер, дәрі-дәрмектер, кеңсе тауарларын сатып алуға шығындар, іс сапарлар шығыстары, персоналды медициналық қараудан өткізу, оқыту, қайта оқыту және біліктілікті арттыру, инкассация, сақтандыру, қорғаныс, байланыс қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындар кіретін жүкқұжат шығыстары;
7) тиімділігі 15 пайыз.
7. Жергілікті атқарушы орган Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер мен шығыстар негізінде қалалық рельсті көлікті (трамвай) субсидиялау мөлшерін анықтайды.
8. Қалалық рельсті көлік (трамвай) бойынша қалалық бюджеттен субсидияны төлеу жергілікті атқарушы органмен ай сайын төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына, сондай-ақ тасымалдаушының залалдарын субсидиялау туралы шартқа сәйкес жүргізіледі.
9. Қалалық рельсті көлікпен (трамвайлар) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы ай сайын келесі есепті айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қағиданың 1 қосымшасына сай нысан бойынша қалалық рельсті көлікпен (трамвайлар) нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;
2) Қағиданың 2 қосымшасына сай нысан бойынша орындалған жұмыстар туралы акт;
3) Қағиданың 3 қосымшасына сай маршруттар бойынша қалалық рельсті көліктің (трамвайлар) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
4) Қағиданың 4 қосымшасына сай нысан бойынша қалалық рельсті көліктің (трамвайлар) субсидияландырылатын маршруттар тізілімі;
5) Қағиданың 5 қосымшасына сай, қалалық рельсті көлік (трамвай) маршруттары бойынша орындалған рейстер туралы анықтама;
6) Қағиданың 6 қосымшасына сай қалалық рельсті көлікпен (трамвайлар) маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдаудағы сатылған билеттерден түскенкірістер бойынша есеп;
7) жергілікті уәкілетті органның сұрауы бойынша пайдалану шығыстарын растайтын өзге құжаттар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай тасымалдаушы ұсынылған деректердің растығына жауап береді.
10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялауды төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмей, болжамдық деректер бойынша жасалған қалалық рельсті көліктің (трамвай) субсидияланатын маршруттары бойынша ұсынылған есептің негізінде жүзеге асырылады, кейіннен келесі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсынады. Ұсынылған болжамдық деректер іс жүзіндегісінен асқан жағдайда, айырмасы жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
11. Жергілікті уәкілетті орган Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тасымалдаушымен ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне және қалалық рельсті көліктің (трамвай) субсидияланатын маршруттары тізіліміне қол қояды.
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 1 қосымша |
Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп
____________________________________________________ (тасымалдаушының атауы) 20__жыл "___"_______________ |
р/б № | Қалалық рельсті көлік (трамвай) маршрутының атауы | 1 жолаушыға белгіленген тариф | Есеп беру айында тасымалданған жолаушылар саны | жолаушыларды тасымалдаудан келіп түскен қаражаттар, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ұйымның басшысы |
Бас бухгалтер |
Мөрдің орны |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 2 қосымша |
Орындалған жұмыстар актілері
Өскемен қаласы "___" _________ 20__ жыл |
Біз төменде қол қойғандар, Тапсырыс берушінің өкілі _________________
(атауы)
___________________________________________(лауазымы, басшының тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бір тараптан және Орындаушының өкілі _________________________________
(атауы)
___________________________________________________________________
(қолы,басшының, бас бухгалтердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) екінші тараптан, "__" __________ 20__ жылға қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушыларды тасымалдау бойынша орындалған жұмыстар шарт талаптарын қанағаттандыратындығы туралы осы актіні жасады
Тасымалданған жолаушылар саны:
__________________________________________________________________құрайды.
(жолаушылардың санын сандармен және жазбаша жазу) |
Субсидиялау сомасы:
__________________________________________________________________құрайды.
(соманы сандармен және жазбаша жазу) | |
Тараптардың заңды мекен-жайлары: |
Тапсырыс беруші: | Орындаушы: |
Атауы | Атауы |
Мекен-жайы | Мекен-жайы |
Банк реквизиттері | Банк реквизиттері |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 3 қосымша |
20__ жылғы ________айына маршруттарбойыншақалалық рельсті көліктің (трамвай) кірістер мен шығыстар туралы есеп
"___" _________ 20__ жыл | |
мың теңге |
Тасымалдаушының атауы | Еңбекақы | Электрэнергиясы | Жанар-жағар май материалдары және автомобиль жанармайы | Жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары | Контактілі және кабель желілерін, қалалық рельсті жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары | Өндірістік ғимараттар мен имараттарды күтіп ұстауға пайдалану шығыстары | Қозғалысты дистпетчерлендіру | Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу | Амортизация | Жүкқұжаты | Барлық шығыс | Барлық кірістер | Залал |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ұйымның басшысы |
Бас бухгалтер |
Мөрдің орны |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 4 қосымша |
Қалалық рельсті көлікті (тармвайды) субсидияландырылатын маршруттар тізілімі
"___" ______________20___жыл |
р/б № | Қалалық рельсті көлік (трамвай) маршрутының атауы (маршрут нөмірі) | Субсидиялау сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 |
Субсидиялау сомасының жиыны:
__________________________________________________________________
(соманы сандармен және жазбаша жазу, теңгемен,)
|
|
______________________________ |
______________________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Мөрдің орны | Мөрдің орны |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 5 қосымша |
Қалалық рельсті көлік (трамвай) маршруттары бойынша орындалған рейстер туралы анықтама
____________________________________________________ | |
(тасымалдаушының атауы) | |
20__жыл "___"________________ |
Маршруттың № | Маршруттың атауы | Рейстердің саны |
Жүрген жолы, | Ескерту | ||
жоспар | нақты | жоспар | нақты | |||
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
Жиыны: |
Қозғалыс қызметінің бастығы |
Жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы |
Ұйымның басшысы |
Мөрдің орны |
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларына 6 қосымша |
Қалалық рельсті көліктің (трамвай) маршруттары бойынша жолаушыларды тасымалдаудағы сатылған билеттерден түскен кірістер бойынша есеп
_______________________________________________ | |
(тасымалдаушының атауы) | |
20_ жыл "___"________________ |
р/б № | Атауы | Саны, бірлік | Тариф, тг | Сома, тг. | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | сатудан кірістер: | ||||
1.1 | абонементтік талондарды сату | ||||
1.2 | азаматтар үшін трамвай жол жүру билеттерін | ||||
1.3 | мектеп оқушыларының жол жүру билеттерін | ||||
2 | азаматтардың жеңілдігі бар категориялары бойынша кірістер | ||||
3 | өзге кірістер | ||||
кірістер жиыны, тенге: |
Ұйымның басшысы |
Бас бухгалтер |
Мөрдің орны |