"Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамвай) жолаушылар тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 3449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 2270 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 5980 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамвай) жолаушылар тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 3449 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 5-1-196 тіркелген, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2018 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Рахимжановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады