РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Абай ауданы прокурорының 2018 жылғы 5 мамырдағы наразылығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3566 тіркелген, 2014 жылғы 1-7 желтоқсанда "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;
2) "Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/8-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4593 тіркелген, 2016 жылғы 24-31 шілде "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіде 2016 жылғы 20 шілдеде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Оразбаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |