Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 28-3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2999 нөмірімен тіркелген, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2013 жылғы 2 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2 - абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, оның ішінде ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына әлеуметтік көмек 15000 (он бес мың) теңге көлемінде берілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Мокроусова |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |