РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Жаманбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/159-VІ шешіміне қосымша |
Катонқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі "Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" № 20/170-IV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-72 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 мамырда "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларын белгілеу туралы" № 31/281-IV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-95 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 қазанда "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
3. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Катонқарағай аудандық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы" № 31/281-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 22/155-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3343 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырда "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
4. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 маусымдағы "Катонқарағай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" № 31/246-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4061 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.