Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 17/159-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сол қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
| ||
|
|
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 20/170-ІV шешіміне қосымша |
Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)
Рет | Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық |
1 | 2 | 3 |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 10 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 10 |