Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 08.07.2020 № 40/359-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 20.06.2018 18/171-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 20.06.2018 18/171-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Катонқарағай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Жаманбаев |
Ауданының мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VІ шешіміне қосымша |
Катонқарағай ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Реттік № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіште) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |