РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 45-6/6 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында қызметін жүзеге асыру салық төлеушілерге бірыңғай тіркелген салықтың мөлшермелері белгіленсін.
2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі "Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" № 16-5/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-57 тіркелген, 2009 жылғы 5 қыркүйекте "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Садыков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 21-5/3 шешіміне қосымша |
№р/с | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен) |
---|---|---|
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |