Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 21-5/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 5-15-110 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/6 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 45-6/6 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында қызметін жүзеге асыру салық төлеушілерге бірыңғай тіркелген салықтың мөлшермелері белгіленсін.

      2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі "Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" № 16-5/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-57 тіркелген, 2009 жылғы 5 қыркүйекте "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Садыков
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

  Көкпекті
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 2 сәуірдегі № 21-5/3
шешіміне қосымша

№р/с Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады