РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 491 ұсынысы негізінде Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардың қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығының аумағына белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. "Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" Екпін ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 06 тамыздағы № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-144 тіркелген және 2018 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Екпін ауылдық округінің әкімі | Б. Сербатыров |