Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 8 тамызда № 5-16-144 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 16.10.2018 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 382 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығының аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Екпін ауылдық округінің әкімі Б. Сербатыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады