Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 5442 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №383 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылы 16 қазанда №17560 тіркелді) бұйрығы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда):

      1) орманды жанама пайдаланғаны үшін 1-қосымшаға сәйкес;

      2) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін 2-қосымшаға сәйкес;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім мемлекеттік орман иеленушілерге және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғаларға таратылады.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-5 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5356 тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

      5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Құлшар
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы 
№ 21-9 шешіміне
1-қосымша

Орманды жанама пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелері


Атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйі бойынша



1.1

жақсы (коэф. 1,2)

гектар

2477

1.2

қанағаттанарлық (коэф. 0,9)

гектар

1858

1.3

қанағаттанғысыз (коэф. 0,7)

гектар

1445

2

Мал жаю, соның ішінде топтар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю үшін



2.1

түйе

бір бас

1445

2.2

ірі қара мал, жылқы

бір бас

1156

2.3

ірі қара мал төлі, есек

бір бас

578

2.4

ешкі

бір бас

1012

2.5

қой

бір бас

289

3

Бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

гектар

*

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бір ара ұясын орналастыру

гектар

2064

5

Дәрілік өсімдіктерді және техникалық шикізаттарды дайындау және жинау



5.1

мия тамыры

килограмм

62

      Ескерту: *орман қоры учаскелерін бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде белгіленеді.

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 21-9 шешіміне
2-қосымша

Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін
төлемақы мөлшерлемелері

Атауы

Өлшем
бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1

Ағаштар мен бұталардың қабықтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
10 % пайызы мөлшерінде

2

Ағаштар мен бұталардың бұтақтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
20 % пайызы мөлшерінде

3

Ағаштар мен бұталардың томарлары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
15 % пайызы мөлшерінде

4

Ағаштар мен бұталардың тамырлары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
10 % пайызы мөлшерінде

5

Ағаштар мен бұталардың жапырақтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
5 % пайызы мөлшерінде

6

Ағаштар мен бұталардың бүршіктері

килограмм

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан
30 % пайызы мөлшерінде

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы 
№ 21-9 шешіміне
3-қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

қысқа мерзімді орман пайдалану

ұзақ мерзімді орман пайдалану

қысқа мерзімді орман пайдалану (АЕК)

ұзақ мерзімді орман пайдалану (теңге)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

1032

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

5005

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

-

гектар

-

*

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

1032

      Ескерту: *орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде белгіленеді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
коэф. – коэффициент.

Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню)

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 7 декабря 2018 года № 21-9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 декабря 2018 года № 5442

      Руководствуясь Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) от 25 декабря 2017 года, Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, на основании приказа исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 сентября 2018 года №383 "Об утверждении Методических указаний для расчета ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда" (зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 октября 2018 года № 17560) Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню):

      1) за побочные лесные пользования согласно приложению 1;

      2) на заготовку второстепенных древесных ресурсов согласно приложению 2;

      3) за пользование участками государственного лесного фонда в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях, для нужд охотничьего хозяйства, в научно-исследовательских целях согласно приложению 3.

      2. Настоящее решение распространяется на государственных лесовладельцев и лиц, получивших право лесопользования в порядке, установленном Лесным кодексом Республики Казахстан.

      3. Признать утратившим силу решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 сентября 2018 года №19-5 "Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда (за исключением ставок за древесину, отпускаемую на корню)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5356, опубликованное 26 октября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по аграрным вопросам, природопользованию и развитию сельских территорий.

      5. Руководителю аппарата Западно-Казахстанского областного маслихата обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Құлшар
      Секретарь областного маслихата М. Құлшар

  Приложение 1
к решению
Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 7 декабря 2018 года № 21-9

Ставки платы
за побочные лесные пользования


Наименование

Единица
измерения

Ставки платы,
тенге

1

Сенокошение, в том числе по группам качественного состояния сенокосных
угодий:



1.1

хорошее (коэф. 1,2)

гектар

2477

1.2

удовлетворительное (коэф. 0,9)

гектар

1858

1.3

плохое (коэф. 0,7)

гектар

1445

2

Пастьба скота, в том числе за пастьбу
одной головы сельскохозяйственных
животных по их группам:



2.1

верблюд

одна голова

1445

2.2

крупнорогатый скот, лошадь

одна голова

1156

2.3

молодняк крупного рогатого скота, осел

одна голова

578

2.4

коза

одна голова

1012

2.5

овца

одна голова

289

3

Огородничество, бахчеводство, садоводство и выращивание иных сельскохозяйственных культур

гектар

*

4

За размещение одного улья на территории государственного лесного фонда

гектар

2064

5

Заготовка и сбор лекарственных растений и технического сырья



5.1

солодковый корень

килограмм

62

      Примечание: *ставки платы за использование участков лесного фонда для огородничества, бахчеводства, садоводства и выращивания иных сельскохозяйственных культур устанавливаются на уровне земельных налогов, определенных налоговым законодательством.

  Приложение 2
к решению
Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 7 декабря 2018 года № 21-9

Ставки платы
на заготовку второстепенных древесных ресурсов

№ 

Наименование

Единица измерения

Размер ставки

1

Кора деревьев
и кустарников

тонна

10% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

2

Ветви
деревьев и кустарников

тонна

20% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

3

Пни деревьев
и кустарников

тонна

15% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

4

Корни
деревьев и кустарников

тонна

10% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

5

Листья
деревьев и кустарников

тонна

5% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

6

Почки
деревьев и кустарников

килограмм 

30% от базовых ставок платы за 1 плотный кубометр дровяной древесины соответствующей породы

  Приложение 3
к решению
Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 7 декабря 2018 года № 21-9

Ставки платы
за пользование участками государственного лесного фонда в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях, для нужд охотничьего хозяйства, в научно-исследовательских целях

№ 

Наименование

Единица измерения

Ставка платы

краткосрочное лесопользование

долгосрочное лесопользование

краткосрочное лесопользование
(МРП)

долгосрочное лесопользование
(тенге)

1

За пользование участками государственного лесного фонда в культурно-оздоровительных
целях

1 человек в
день

гектар

0,1

1032

2

За пользование участками государственного лесного фонда в рекреационных, туристских и спортивных целях

1 человек в
день

гектар

0,1

5005

3

За пользование участками государственного лесного фонда для нужд охотничьего хозяйства

-

гектар

-

*

4

За пользование участками государственного лесного фонда
в научно-исследовательских целях

1 человек в
день

гектар

0,1

1032

      Примечание: *ставки платы за использование участков лесного фонда для нужд охотничьего хозяйства устанавливаются на уровне земельных налогов, определенных налоговым законодательством.

      Расшифровка аббревиатуры:

      МРП – месячный расчетный показатель;
коэф. – коэффициент.