Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 19-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қазанда № 5356 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.12.2018 № 21-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 12 маусымдағы №344 бұйрығы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда):

      1) орманды жанама пайдаланғаны үшін 1-қосымшаға сәйкес;

      2) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін 2-қосымшаға сәйкес;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім мемлекеттік орман иеленушілерге және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғаларға таратылады.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы №25-6 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3954 тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдедегі "Орал өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

      5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Илимисов
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 19-5 шешіміне
1-қосымша

Орманды жанама пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелері


Атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйі бойынша



1.1

жақсы (коэф. 1,2)

гектар

2477

1.2

қанағаттанарлық (коэф. 0,9)

гектар

1858

1.3

қанағаттанғысыз (коэф. 0,7)

гектар

1445

2

Мал жаю, соның ішінде топтар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю үшін



2.1

түйе

бір бас

1445

2.2

ірі қара мал, жылқы

бір бас

1156

2.3

ірі қара мал төлі, есек

бір бас

578

2.4

ешкі

бір бас

1012

2.5

қой

бір бас

289

3

Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

гектар

*

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бір ара ұясын орналастыру

гектар

2064

5

Дәрілік өсімдіктерді және техникалық шикізаттарды дайындау және жинау



5.1

мия тамыры

килограмм

62
 

      Ескерту: *Көкөніс, бақша дақылдарын және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен топырақтардың сапасы бойынша орналастырылған бонитеттердің балына сай анықталған жер салығы деңгейінде белгіленеді.

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 19-5 шешіміне
2-қосымша

Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін
төлемақы мөлшерлемелері

Атауы

Өлшем
бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері
 

1

Ағаштар мен бұталардың қабықтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10 % пайызы мөлшерінде

2

Ағаштар мен бұталардың бұтақтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 20 % пайызы мөлшерінде

3

Ағаштар мен бұталардың томарлары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 15 % пайызы мөлшерінде

4

Ағаштар мен бұталардың тамырлары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10 % пайызы мөлшерінде

5

Ағаштар мен бұталардың жапырақтары

тонна

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 5 % пайызы мөлшерінде

6

Ағаштар мен бұталардың бүршіктері

килограмм

Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 30 % пайызы мөлшерінде

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2018 жылғы
28 қыркүйектегі
№ 19-5 шешіміне
3-қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері
 

қысқа мерзімді орман пайдалану

ұзақ мерзімді орман пайдалану

қысқа мерзімді орман пайдалану (АЕК)

ұзақ мерзімді орман пайдалану (теңге)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

1032

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

5005

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

-

гектар

-

нөльдік ставка

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

гектар

0,1

1032

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
коэф. – коэффициент.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады