Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 26-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 шілдеде № 5296 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 8-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 29.09.2021 № 8-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Л.Уржанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А.Имашева
      Мәслихат хатшысы А.Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 маусымдағы
№26-12 шешіміне
қосымша

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері

п/п

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

211,67

2.

Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер 

тұрғын/айына

211,67

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Аксай Бурлинского района

Решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 июня 2018 года № 26-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 июля 2018 года № 5296. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 29 сентября 2021 года № 8-5

      Сноска. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 29.09.2021 № 8-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Бурлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить тарифы на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Аксай Бурлинского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Исполняющему обязанности руководителя отдела организационно-правовой работы аппарата районного маслихата (Л.Уржанова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии А.Имашева
      Секретарь маслихата А.Куликешев

  Приложение
к решению Бурлинского
районного маслихата
от 28 июня 2018 года №26-12

Тарифы на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Аксай Бурлинского района

№ п/п

Объект

Расчетная единица

Цена в тенге (без НДС) за 1 месяц

1.

Домовладения благоустроенные

житель/в месяц

211,67

2.

Домовладения неблагоустроенные

житель/в месяц

211,67

      Расшифровка аббревиатуры:

      НДС - налог на добавленную стоимость.