Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 29.09.2021 № 8-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Л.Уржанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А.Имашева |
Мәслихат хатшысы | А.Куликешев |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы №26-12 шешіміне қосымша |
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
п/п | Объект | Есеп айырысу бірлігі | Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ) |
1. | Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 211,67 |
2. | Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 211,67 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
ҚҚС - қосылған құн салығы.