Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 8-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қазанда № 24697 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27–бабы 2-тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі:

      1) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы №26-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5295 болып тіркелген);

      2) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы №26-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5296 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат хатшысы К. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады